Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі "баспасөз картасына" қатысты пікір білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі салалық заңға енгізілген "баспасөз картасы" туралы бапқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл көптеген елде бар тәжірибе.

"Баспасөз картасына" кеше пайда бола салған нәрсе емес, ол көптеген елдің тәжрибесінде бар. Университетті бітірген журналист жұмысына кіріседі. "Баспасөз картасы" журналистің құқықтық мәртебесін анықтайды, оған жеңілдікпен пәтер алу, әлеуметтік көмек алу немесе ақпаратқа жылдам қол жеткізу мәселелерінде артықшылықтар береді. "Баспасөз картасын" алғысы келмейтін журналистер, әдеттегідей өз жұмысын жалғастыра береді", - деп BaigeNews.kz Ақпарат министрінің сұқбатындағы сөзін келтіреді.

Сондай-ақ Ақпарат министрі ақпараттық доктрина жайына да кеңінен тоқталды.

"1999 жылдан бері бізде салалық заңнама өзгерген жоқ. Ол кезде Интернет жоқ болатын. Негізінен, газеттер мен журналдар болды. Сондықтан қазіргі уақыт талабы бойынша жаңа заңнама қажеттілігі туындады. Бұл - алғашқы ақпараттық доктрина. Ол кеше ғана Үкіметтің қаулысымен бекітіліп, Президент әкімшілігіне ұсынылды. Ақпараттық доктрина бізде бар негізгі ұғымдарды анықтайды. Мысалы, онда доктринада сөз бостандығы, журналист мәртебесі, ақпараттық иммунитетті арттыру, ақпараттық қауіпсіздікке қарсы іс-қимыл және т.б. осы сипаттағы негізгі қағидаттарды айқындайтын ұғымдар топтастырылған". Дархан Қыдырәлі

Оның айтуынша, жоба ашық талқы үшін көпшілікке ұсынылған. Ол бойынша негізгі деген пікірлер ескеріледі.

Айта кетсек, "Масс-медиа туралы" заң жобасының тұжырымдамасы 2 ақпанда "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 22 ақпанға дейін қоғам талқысына ұсынылған. Аталған құжат журналистік ортада сын тудырды. 

Президент 2022 жылы наурызда БАҚ туралы заңды қайта қарауды тапсырды. Мемлекет басшысы БАҚ бәсекеге қабілетті, еркін болып, өзекті мәселелерді көтеруі тиіс екенін атап өтті.

8 ақпанда журналистер мен қоғам белсенділері "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" жаңа заңды талқылап, өз пікірлерін білдірді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: