Астанада ойыншық бөлшегін жұтып қойған екі бала өлім аузынан қалды

Cурет: astanatv.kz
Астанада екі бала өлім аузынан қалды. Олар ойыншықтың бөлшегін жұтып қойған. Дәрігерлер балалардың ішінен затты алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, екі балаға да ота жасалған. Біріншісіне небәрі 11 ай. Ұл баланың жағдайы аса қауіпті еді, дәрігерлер оны аман алып қалды. 

"Ішек инфекциясы бойынша тексеріп, рентген арқылы шарларды жұтып қойғанын анықтадық. Жіңішке ішектің ішінде өсе бастағандықтан, құсу тоқтамады. Операция әжептеуір қиындық туғызды".  №2 көпбейінді қалалық аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Серік Баймолдин

Cурет: astanatv.kz

11 айлық баланың 1,5 жастағы көршісі де ойнап жүріп, осы затты жұтып қойған. 

"Үйдегі кішкентай 9 жастағы сіңілім соны алып ойнаған. Ол шашылғаннан кейін балалар маржан деп жұтып қойған. Осында келгеннен кейін гидрогель шар екенін түсіндік. Қазір баланың жағдайы жақсы, шүкір. Қазіргі балалардың барлығында сол ойыншық бар. Сондықтан сатылымнан алып тастаса да, жақсы болатын еді".  Анасы Дариға Дәулетбай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты