Ақсуда 12 млрд теңгеге салынған жылу қазандығы жарамсыз болып қалған

Сурет: astanatv.kz
Ақсуда 12 млрд. теңгеге салынған жылу қазандығы-жарамсыз. Себебі, құрылысты жоспарлау кезінде қателік кеткен. Мамандар 4 жылдан бері қазандықты іске қоса алмай отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, құзырлы органдар жобадағы қателікті түзетуге уақыт бергенмен, одан да нәтиже болмапты. Кейінгі жылдары Павлодар облысында құрылыс талаптарын сақтамайтын компаниялар көбейген. Соның салдарынан 50-ге жуық құрылыста түрлі заңбұзушылық анықталды. Құлауы мүмкін деген 4 көпқабатты нысан бұзылмақ.

"Аталған үйлер бойынша сот шешімімен заңды күшіне енді. Қазір бұл құрылыстарды бұзу жұмыстары күтілуде. Сот шешімі сот орындаушыға берілді. Қамзин көшесі 102 мекен-жайындағы үйді де бұзу туралы сотқа талап арыз жолданды. Бүгінгі күні сот аппелациялық шағымды қарап жатыр. Осы айдың соңында сот шешім шығарады"Облыстық мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау басқармасының бас маманы Арман Шағарманов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады