Қарағандыда асфальт опырылып, екі көлік шұңқырға түсіп кетті

Сурет: astanatv.kz
Қарағандыда тағы құбыр жарылып, аққан су асфальтты опырып жіберді. Екі жеңіл көлік шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, түннен бері аққан су жолды шайып кеткен. Ылғал топырақ көліктің салмаған көтере алмаған. Екі көлік те бүлінген.

Бұл - Қарағандыдағы ең үлкен көше. Қазір апатты аумақ қоршалып, судан тазартылғанмен, қоғамдық көліктерге кедергі келтіріп жатыр.

"Майқұдықтың жолдары быт-шыт болды, қанша қиналдық. Бізге көліктің бір жері қираса, оны мойнымызға іліп береді. Ана жақтарды қазып жатыр, көктемде ол қайтадан түсіп кетеді. Қайтадан жол жөндейді, әр жыл сайын жолды шұқылай береді, салады, қазады. Не іздейтіндерін білмейміз ғой".  Автобус жүргізушісі Нұрхан Әбенов

"Қарағанды су" мекемесінің басшылығы екі жүргізушінің шығынын сотқа жеткізбей, толық өтеп беретінін айтып отыр. Алайда апатты жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қаладағы бірнеше көшеде суық су жоқ.

"Құбырларда апаттардың көбею себебі көктемде топырақтың қозғалысымен байланысты. Жолдар қардан тазартылып отыратындықтан мұнда топырақтың қату тереңдігі газон немесе даламен салыстырғанда анағұрлым терең. Соған байланысты автожолдардың астындағы қатқан топырақтан құбырларға қысым болады. Қазір топырақтың тереңдігі 2 метрден асады"."Қарағанды су" ЖСШ бас директорының орынбасары Кенжан Дауылбаев
Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды