Синоптиктер Астанада көктайғақ болатынын, түнде және таңертең жаяу бұрқасын жүретінін, Алматыда түнде және таңертең тұман болатынын болжайды.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар бұрқасындатып, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдық жел соғады.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
21 ақпанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.
Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстігіне қатлың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын жүреді, тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.