Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 64,51 теңге (-0,80) болды.
Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 475,68 теңге, рубль бағамын 5,99 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 448,5-452 теңгеден, еуро 475-480 теңгеден, ресей рублі 5,75-6 теңгеден сатылып жатыр.
Ал 24 ақпандағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,85%-ға өсіп, барреліне 82,91 доллар болды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада сәуір айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,88%-ға өсіп, 76,05 доллар болды.