Бақылау-касса машиналары қандай талаптарға сай болуы керек

Қазақстанның салық заңнамасы қызмет көрсететін немесе тауарларды қолма-қол ақшамен сатумен айналысатын кәсіпкерлерді бақылау-касса машиналарын қолдануға міндеттейді. Бұл ақшалай түсімдердің есебін жүргізуге қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің165-169-баптарында айқындалған.

"Қазақстан аумағында ақшалай есеп айырысулар үлгілері Мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі. Ақшалай есеп айырысулар-тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар".ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Бақылау-касса машинасы дегеніміз не?

Бұл:

БКМ-ге қойылатын талаптар

 Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

  1. Бақылау-касса машинасын ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызмет басталғанға дейін салық органында есепке қою жүзеге асырылады.
  2. Бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар, жұмыс, қызмет үшін төленген сомаға тауар чегін беру жүзеге асырылады.
  3. Салық органдарының лауазымды адамдарының бақылау-касса машинасына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

БКМ қолданған кезде тауарға, жұмысқа, қызметке төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегі беріледі.

БКМ чегі қағаз түрінде не электрондық түрде берілген сатушы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті беруші) мен сатып алушы (клиент) арасында ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру фактісін растайтын БКМ бастапқы есепке алу құжаты болып саналады.

Бақылау-касса машинасының чегінде мынадай ақпарат болуы тиіс:

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ чегі сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін қамтуы тиіс.

Бұл ретте, 2022 жылдан бастап үлгілері Мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ қолданатын кәсіпкерлер сатып алушының сәйкестендіру нөмірін енгізу функциясын қоса отырып, БКМ қайта бағдарламалауы қажет.

Осылайша, төлем карточкаларын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалана отырып, электрондық сауда алаңы (ЕДБ веб-сервистері, Kaspi pay, Каспи дүкен және т.б.) арқылы төлемді қабылдау кезінде сатушы сатып алу жасалған күні тауар, жұмыс және қызмет үшін төленген сомаға чек беруге міндетті.

"Банк шотына аудару жолымен қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлем жүзеге асырылған жағдайда БКМ қолдану бойынша міндеттеме жоқ екенін қосымша хабарлаймыз".ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Онлайн - БКМ қолданудың артықшылықтары

Онлайн-БКМ қолданатын салық төлеушілер үшін:

Сатып алушылар үшін ФДО сайтында БКМ чегінің түпнұсқалығын тексеру мүмкіндігі бар.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: