Қазақстанның сегіз өңірінде жауын-шашын, тұман және қатты жел болады деп болжанады

14 наурызда еліміздің сегіз облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік шығысынан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. 

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл соғуы ықтимал. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде солтүстіктен, солтүстік шығыстан 9-14 м/с,  кей тұста 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырауда күндіз шаңды дауыл болады деп күтіледі. Күндіз солтүстіктен, солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Өңірдің солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал.  Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз сынап бағаны -2+3, облыстың оңтүстігінде +10+15 градусты көрсетеді. Ақтөбеде күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Ауа температурасы +1+3 градус жылы.

Түркістан облысының таулы аймақтарында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының орталығында, күндіз батысында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігі, солтүстік шығысында солтүстіктен, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады.  Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады, күндіз сынап бағаны 0+5 градусты көрсетеді. Петропавлда күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз оңтүстіктен, оңтүстік батыс тан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. ауа температурасы күндіз +2+4 градус жылы болады деп күтіледі. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: