Қазақстанда такси жүргізушілерінің қызметі қалай реттеледі

Сурет: pixabay
15 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова такси қызметі жұмыскерлеріне арнаулы салық режимін енгізу жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында ол бүгінде "Яндекс" платформасында 500 мыңға жуық такси жүргізушісі жұмыс істейтінін атап өтті. Бірақ бұл платформада жұмыс істеу үшін олар келісімшартқа керек.
"Олар үшін бұл – ыңғайлы жұмыс кестесі және жұмысқа кедергі келтірмейтін табыс көздерінің бірі. Ресми түрде жұмыс істейді деп тану үшін олар жария келісімшартқа отыруы керек, егер келісімшарт жасасқан болса, онда олар тәуелсіз жұмыскерлер болып саналады". Тамара Дүйсенова
Еңбек министінің айтуынша, салықты платформа операторы немесе жеке кәсіпкер ретінде тұлғаның өзі төлейді. Мұның бәрі еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
"Мұның бәрі біздің азаматтарды салық режиміне тарту үшін, егер әлеуметтік аударымдар болса, онда бұл жеке тұлға барлық әлеуметтік төлемдермен қамтылады, оның қандай да бір көмек алуға тиісті құқығы болады", – деді Тамара Дүйсенова.

15 наурызда сенаторлар Әлеуметтік кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, оның аясында елімізде еңбек нарығын ырықтандыру және икемді жұмыспен қамтудың барлық түрі мойындалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі