Қайрат Құдайбергенді қамауға ұстау мерзімі тағы ұзарды

Сурет: Facebook/Қайрат Құдайберген
Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне 2023 жылғы 20 наурызда Алматы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы мәслихатының экс-депутаты 21 сәуірге дейін қамауда болады.

"Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 16 наурыздағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, материалдармен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін ұзартуға санкция берілді. Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық істі бір айға, яғни 2023 жылғы 21 сәуірге дейін".Алматы қалалық соты

2022 жылғы 22 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталған. Қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Кейін Қайрат Құдайберген Amanat партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылды.

18 мамырда Қайрат Құрайбергеннің адвокаты Әсентай Ақаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомствоаралық тергеу тобының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қайрат Құдайбергеннің айтуынша, ол тергеу изоляторының камерасында ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, қысым көрсеткен.

22 шілдеде Қайрат Құдайберген COVID-19 жұқтырған. Адвокат бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш бергенімен, ол қанағаттандырылмады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті