Қазіргі таңда Қобда ауданының Қобда ауылында тартылған күштер мен құралдармен 13 тұрғын үйден су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін эвакуацияланған 12 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, 79 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 365 адам өз үйіне оралды. Бұған дейін қауіпсіз жерге айдалған ауыл ауыл шаруашылығы жануарлары өз қорасына оралды.
Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.
"Жедел желі" телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 135 қоңырау түскен.
"2023 жылғы 14-23 наурыз аралығында Ақтөбе облысында 598 786 м3 су сорылды, 29 333 дана қапшық төселді. 1 учаскеде су бұруға арналған траншеялар қазылды, ұзындығы 3600 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 15 286 м3 инертті материал әкелінді, ұзындығы 325 метр уақытша бөген салынды. Қобда өзеніне ұзындығы 1000 метр су бұру каналы салынды. 593 550 мың текше метр қар шығарылды". Төтенше жағдайлар министрлігі