"Үйленіп некемді қиып жатырмын. Заңды куәлікті табыстап жатыр. 2016-дан бері, бостандықтан танимын. Сосын осы жаққа келіп, сөйлесіп, екеуіміз некемізді қиып, үйленуге бел будық, Алланың қалауымен үйлендік". Жазасын өтеуші
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, қазір мұнда 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде жұмыс істеп, отбасына қаржылай қолдау көрсетіп отырғандар да бар. Былтыр 31 азамат некесін заңдастырған. Мұндай бастама сотталушыларға жақсы әсер етеді дейді департамент бастығы.
"Әрі қарай бақытты болып, балалы-шағалы болып жатқан сотталған азаматтарымыз да бар. Бойдақ сотталған азаматтарымыз отбасылы болғаннан кейін, өмірге бала келгеннен кейін өмірге деген көзқарасы өзгереді, балаға деген. Әрі қарай бостандыққа ертерек шықсам, осы жерде тәртіп бұзбасам бостандыққа мезгілінен шартты түрде босау сияқты әрекеттерге барады".Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев