Алматыдағы ботаника бағына аққулар оралды

Сурет: pixabay
"Оралды!". Алматы ботаника бағының мамандары Instagram-дағы парақшасы арқылы жағымды жаңалықты мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақ қызметкерлері аққулар сәтті қыстап, ботаника бағына оралғанын қуана хабарлады.

"Ерте көктемнен кеш күзге дейін аққулары бар тоған ботаника бағының барлық қонағы үшін тартымды орынға айналады. Осы орайда аққулар мен балықтарды тамақтандыруға тыйым салынғанын тағы бір рет еске салғымыз келеді!", - делінген хабарламада.


Ботаника бағындағы балықтар мен аққуларды күтіп-баптауға және азықтандыруға арнайы жалданған кәсіпқойлар компаниясы жауапты. Жануарларға күнделікті қажет кезде және қажет мөлшерде азық беріледі

"Есіңізде болсын, нан, тәтті нан, чипс сияқты қажетсіз тағамдар аққулар мен балықтардағы артық салмаққа, ас қорыту жүйесінің бұзылуына және басқа да денсаулық проблемаларына әкелуі мүмкін. Өсімдіктерге ғана емес, жануарларға да қамқорлық жасайық", - деді бақ қызметкерлері.
Қазақстан
Қызықты
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды