Сәрсенбіде Астана мен еліміздің алты өңірінде қатты жел, тұман болады деп болжанады

29 наурызда Астанада және еліміздің алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Астанада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің  екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Шымкентте күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: