Алматыда бір айдың ішінде 48 адамды кене шаққан

Сурет: pixabay
Алматыда күн жылынғалы кене 48 адамды шағып үлгерген. Олардың жартысынан көбі - 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эпидемиологтар тұрғындарды қарапайым сақтық шарасын сақтауға шақырады. Көкке, не тауға шыққанда денені толық жауып тұратын киім кию керек. Денеңізден кене табылса, дереу дәрігерге бару керек. Әйтпесе зиянкестен тарайтын энцефалит пен кене боррелиозы дерті адамды өмір бойына мүгедек етуі мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Биыл залалсыздандыру жұмысы ертерек басталады. Ертең таң атпастан дезинсекция бригадасы сегіз орман алқабы мен 144 саябақтағы жасыл желекке дәрі шашуға шығады.

Препараттың адам ағзасына зияны жоқ, бірақ залалсыздандыру жүргізілген аумаққа жоламаған жөн.

"48 кене шаққан адамның көбін кене таулы аймақта, қаланың шетінде, сонымен қатар қаланың ішінде шаққан. Негізінде кене таулы аймақтарда, орманды жерде кездеседі. Бұл - кененің табиғи ошағы. Кенені қалаға үй жануарымен, затпен бірге алып келуі мүмкін. Қала тұрғындарына және қала қонақтарына табиғи ошаққа шыққан кезде неғұрлым жабық, ашық түсті киім киген дұрыс. Басына қалпақ, аяғына етік кигені жөн".Инфекция және паразит ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Бибігүл Нұрғалиева
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты