Жел, жаңбыр, үсік: 1 сәуірде бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК ертең, 1 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысында түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. 

Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр, батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының түнде оңтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматыда түнде 1-3 градус үсік күтіледі, ал Алматы облысы Қонаев қаласында түнде 3-5 градус үсік болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз