Қызылордада кәсіпкер түзеу мекемесіне 200 дана трамадол өткізбек болған

Сурет: polisia.kz
Қызылордада кәсіпкер түзеу мекемесіне 200 дана трамадол алып кірмек болған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінінде мекеменің өндірістік аймағына өту мақсатында келген жұмыс берушіні мекеме қызметкерлері жеке тексеру барысында қос аяқ киімінің ішінен белгісіз зат табылды.

Оқиға мекеме басшысына баяндалып, Қызылорда полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақырылып, кәсіпкерден табылған зат тіркеуге алынды. Текеру барысында ақ түсті полиэтилен пакетке оралған 200 дана дәрі тәріздес зат екені анықталды. Кәсіпкердің сөзінше екі полиэтилен пакетке бөлініп жасырынған зат – трамадол.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді