"Бізге не болды": блогер Маңғыстаудың қоқыс басқан даласын көрсетті

Сурет: видеодан скриншот
Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында Маңғыстау облысындағы қоқыс шашылып жатқан жерді түсіріп, видео жариялады. Оның айтуынша, мұндай қоқыс алаңы жақын маңдағы қоршалмаған полигонның кесірінен қалыптасып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы" деп басталады видеоның астындағы сипаттама.  

Блогер, видеографтың айтуынша, Баянды ауылының маңында бүкіл Ақтау мен Маңғыстау облысының халқы ең тығыз орналасқан ауданынан (Мұнайлы ауданы) тұрмыстық қалдық төгіліп, сұрыпталатын полигон бар.

"Өкінішке қарай, далада шашылып жатқан осы қоқыстың барлығы - шенеуніктердің ғана емес, қоғамымыздың да қоршаған ортаға деген немқұрайлы көзқарасының салдары. Өйткені жұртшылық мүдделі болса, дұрысын сұраса, мұндай сұмдықтың алдын алуға болар еді. "Біз тастаған қоқыс қайда кетеді?" "Полигон неге қоршалмаған?" "Неліктен қарапайым экологиялық нормалар мен талаптар сақталмайды?" "Неліктен целлофан пакеттер біздің жерімізде, кең-байтақ аумақтарда саңырауқұлақтай өседі?"Азамат Сәрсенбаев

""Бізге не болды?" деп аяқтады сөзін Азамат Сәрсенбаев.

Желі қолданушылары видеоны көріп, шошып кетті:

Азамат Сәрсенбаев 5 наурызда парақшасында Қазақстандағы бірегей табиғи орындардың бірі - Торыш шар алқабынан видео жариялады.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты