Жамбыл облысында екпіні күшті желден 15-ке жуық ауыл газсыз, жарықсыз қалды

Сурет: видео скрині
Жамбыл облысында қатты жел тұрып, 15-ке жуық ауыл жарық пен газдан қағылды. Дүлей дауыл ағаштарды тамырымен қопарып, электр бағаналары мен газ құбырын талқандаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Қордай мен Шу ауданында секундына 30 метр жылдамдықпен соққан күшті жел төрт күн бойы толастамаған. Шуда мыңға жуық тұрғын жарықсыз отырса, Қордай ауданының алты елдімекені қараңғыда қалды. Газдан ажыратылған үйлер де көп.

Мұнда үш мектеп пен бір балабақшаның шатырын жел жұлып әкеткен. Құлаған ағашта есеп жоқ. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Қос ауданды қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.

Шенеуніктер бүгін түнге дейін тұрғындарға газ бен жарық толық беріледі деп отыр. Болжам бойынша, келтірілген шығын көлемі 100 миллион теңгеге жуықтаған.

"Қатты дауылдан талдар мен ағаштар жоғарғы вольт электр сымдарына түсіп, алты ауылдың жарығы сөнді. 2500 абонент жарықсыз қалды. Сонымен қатар ағаштар газ құбырларына құлап, Жамбыл, Арал ауылдарында 800-ге жуық абонент газсыз қалды".Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды