Жетісу облысында арақ ішіп, әйелін жарақаттаған күдікті ұсталды

Сурет: pexels
Жетісу облысында өз жұбайын ауыр жарақаттаған азамат ұсталды. Оқиға Кербұлақ ауданында болған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 сәуірге қараған түні Шаған ауылынан 54 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер науқаста көптеген жарақат мен дене сынықтарын анықтап, диагноз қойды.

Белгілі болғандай, әйел азаматтық некедегі жұбайының қолынан зардап шеккен, оны тәртіп сақшылары түсініктеме беру үшін аудандық полицияға жеткізді. Ерлі-зайыптылардың арасында алкогольдік ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласып кеткені анықталды.

"Ұсталған ер адамның айғақтарына сәйкес жәбірленушіге балтамен зақым келтірілген, ол оқиға орнында табылды және іс материалдарына тіркелді. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша жүргізіледі".Кербұлақ аудандық полициясының бастығы Ербол Ахметқалиев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз