Көкшетауда құрылыс краны құлап, жүргізушісі мерт болды

Сурет: видео скрині
Көкшетауда құрылыс краны құлап, 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Алып құрылыс техникасы сол жердегі тұрғын үйге құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға "Салтанат" тұрғын үй кешені аумағында болды. Кранның жүргізушісі алған дене жарақатынан жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Ал техника сол жердегі тұрғын үйдің бұрышын талқандап тастаған.

Жақында ғана пайдалануға берілген көпқабатты үйдің қабырғасы қазір қақырап тұр. Бастысы, апат кезінде бұл маңда ешкім болмапты. Қазір оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Дегенмен кран рельстен шығып кеткенін аңғаруға болады.

"Құрылыс краны құлап, 1994 жылы туған кран жүргізуші мерт болды. Полиция аталған фактіге сәйкес "Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті сақтамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән жәйі анықталып жатыр"Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды