Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" бүгін, 6 сәуірде бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысында тұман болады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 4 градус үсік болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды.

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні - 23 м/с.

Шымкентте кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз