Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің 3 адамы иіс тиіп, көз жұмды

Сурет: astanatv
Солтүстік Қазақстан облысында 3 адам пештің түтініне тұншығып, көз жұмды. Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданында Новоселов ауылында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, бір отбасы мүшелерінің үйде ес-түссіз жатқанын туысқандары көрген.

Ерлі-зайыпты мен олардың қызы иіс тиіп, оянбаған. Ал ұлы тірі қалыпты. Қазір ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Төтенше жағдай мамандары олар пеш дүрбісін ерте жауып тастаған болар деген алдын ала болжам жасап отыр.

"Пештен газ көзге көрінбейді, иісі де жоқ. Сондықтан пешке аса қырағылықпен қарау керек. Дүрбіні мүлдем жаппаған дұрыс. Жыл басынан бастап 24 адам газдан жапа шекті. Жалпы өңірімізде болған өрттің 80%-ы жер үйлерде болады".Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД басшысының орынбасары Дмитрий Растихин
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады