Қазақстан территориясы бойынша ауа райының синоптикалық ахуалы мен қауіпті құбылыстарының 9 сәуірге арналған болжамы:
Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райының сипаты күтіледі, еліміздің оңтүстік-батысында, шығысында, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аудандарында кейде қатты жауын-шашын болады. Еліміздің тек солтүстігі, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша қатты жел тұрады деп болжанады, еліміздің солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.
Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде орталықта, күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
Түнде еліміздің солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында сынап бағаны 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Қазақстан территориясы бойынша қолайсыз ауа райына байланысты 9 сәуірге арналған ескерту:
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігі мен батысында тұман болады. Облыстың солтүстігі мен батысында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады деп болжанады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде күндіз, ал облыстың орталығында түнде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығысында және таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетуі мүмкін.
Түркістан облысының таулы аудандарында да найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін облыстың солтүстігінде және орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
9 сәуірде түнде Ақтөбе облысының орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады,