Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 сәуірде республиканың бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Синоптиктердің болжамынша, кей өңірде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды, ал кей өңірде үсік болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында тұман. Түнде облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік болады. 

Маңғыстау облысында түнде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік-батысында тұман болады.

Қызылорда облысында да найзағай. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 3 градус үсік болады. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауады. 9 сәуірде кешке таулы және тау бөктерлі аудандарда, 10 сәуірде тәулік бойы облыстың басым бөлігінде кей уақытта найзағай ойнайды, таулы және тау бөктерлі аудандарда бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Шымкентте күндіз нөсер жаңбыр жауады. 9 сәуірде кешке, 10 сәуірде тәулік бойы кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 20 метр секундтан асатын жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, ал екпіні 23 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы күндіз 9-14 градус жылы болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: