Қазақстандықтар енді арнайы дәрігер мамандардың кеңесін қашықтан ала алады

Сурет: pixabay
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидасына толықтыру әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжатқа мынандай тар ауқымды мамандардың қашықтан консультациялары қосылған:

терапевт, педиатр, хирург, акушер-гинеколог, оториноларинголог, стоматолог, кардиолог, пульмонолог, ревматолог, невропатолог, эндокринолог, аллерголог, гематолог, нефролог, уролог, сексопатолог, дерматолог, нейрохирург, кардиохирург, трансплантолог, онколог, психиатр және басқа да мамандар.

Сондай-ақ, баламалы медицина дәрігерлерімен (су-джок,, хирудотерапевт, гомеопат), диетологпен кеңесіп, бұрын жүргізілген зерттеулер бойынша қорытынды алуға болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің нақтылауынша толықтыру Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Іс-шаралар жоспарының 101-тармағының телемедицина арқылы орналасқан жері бойынша медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту бойынша жұмыс жүргізу мақсатында енгізіліп отыр.

Құжат 25 сәуірге дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Ашық НҚА

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады