Ақтөбеде 600-ден астам тұрғын үй газсыз қалды

Сурет: astanatv
Ақтөбеде 600-ден астам тұрғын үй кешеден бері газсыз отыр. Сондай-ақ қырықтан астам коммерциялық және өндірістік ғимаратта да газ жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Қазір де жоқ. Қазір балалар сабаққа барады. Шай, тамағын пісіре алмай, қиналамыз ғой енді біз".  Тұрғын Зоя Құттыбаева

Ал мамандар екі метр тереңдікте жатқан газ құбырының дәнекерленген жерінен газ шығып жатқаны анықталды дейді. Сондықтан кеше кешкі сегізде қала орталығында үш бірдей ауданда газ беру тоқталған.

Қазір ақауды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз