Шымкентте 61 жастағы ер адам өз пәтерінде өртеніп кетті

Сурет: видео скрині
Шымкентте 12 сәуірге қараған түні тұрғын үйден өрт шықты. Мұны тұрғындар байқап, өрт сөндірушілерді шақырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, 17-шағын ауданда көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түнгі сағат бір шамасында түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері келген уақытта үшінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаздар мен заттар жанып жатқан.
"Пәтерден 1962 жылы туған ер адам өлі табылды. Қалың түтінге байланысты өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялады". Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Көршілерінің айтуынша, ер адам жалғыз тұрған, ішімдікті мөлшерден тыс қолданған. Оның пәтерінде бұған дейін де өрт шыққан, мұны көршілері дер кезінде байқап, аман алып қалған.

Өрттің нақты себебін және 61 жастағы ер адамның өлімін анықтау үшін тексеру жүріп жатыр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді