Алматыдағы Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін ұзартылады

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін ұзартылады. Бұл жөнінде қала әкімі Ерболат Досаев 13 сәуір күні тұрғындармен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр, аяқталу мерзімі – осы жылдың мамыр айы.

"Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуға жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Сатып алынуға тиіс 307 учаске анықталды". Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Қала басшысының пікірінше, бұл Әуезов ауданының дамуына, көлік жүктемесін айтарлықтай азайтуға және қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Сондай-ақ Әуезов ауданында жалпы ұзындығы 12,8 км болатын 14 көше мен өтпе жолдар жөнделеді. Жұмыс мамырда басталып, қараша айында аяқталады.  Орталықсыздандыру аясында биылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізеді.

Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін