"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, алдын ала болжам бойынша алдағы аптаның басында қар жауады. Бірақ демалыс күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, жауын-шашын тоқтайды.
15 сәуірде бұлтты болады, ол күшейеді. Күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +21+23°С.
16 сәуір көшпелі бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел екпіні 3-8 метр, найзағайдың екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +15+17°С.
17 сәуір бұлтты болады. Жаңбыр, кей уақытта қатты жауын, найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8 метр, найзағайдың екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +13+15°С.
18 сәуірде күн бұлтты болады. Түнде жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ), тұман. Солтүстік-шығыстан екпіні 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0+2°С, күндіз +8+10°С.
19 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C.
20-21 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның солтүстігінде қар жауады деп хабарлаған.