Үкімет басшысымен кездескен медбикелердің бірі кіші қызметкерлердің жалақысы қашан көтерілетінін сұрады

Сурет: primeminister.kz
Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Сәтбаев қаласының Орталық ауруханасын күрделі жөндеу барысымен және жалпы өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің дамуымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәтбаев қаласындағы Орталық аурухана қызметкерлерімен кездесу барысында медбикелердің бірі кіші қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін қозғады.

Премьер-министр 2020 жылдан 2023 жылға дейін дәрігерлер жалақысы жыл сайын 30%-ға, ал орта буын медицина мамандарының жалақысы 20%-ға ұлғайтылғанын еске салды. Сонымен қатар 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын денсаулық сақтау саласының қалған қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттыру туралы шешім қабылданды.

Алайда Ұлытау облысында кіші буын медицина қызметкерлерінің жалақысы тек 15%-ға көтерілгені анықталды.


"Бұл дұрыс емес, жыл сайын 20%-ға көтеру туралы шешім қабылданды, осылайша, төрт жыл ішінде жалақыны шамамен екі есе өсіру көзделген. Әкімдікпен бұл мәселені шешейік", — деді Үкімет басшысы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды