Таразда ер адам түзеу мекемесінің аумағына трамадол таблеткаларын лақтырған

Сурет: polisia.kz
Таразда түзеу мекемесінің аумағына трамадол таблеткаларын лақтырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заңға қайшы оқиға 13 сәуір күні түс мезгілінде болған. Дәл осы уақытта ахуалдық орталықтың операторынан №8 учаскедегі күзетілген аймаққа күдікті азаматтың белгісіз бір затты лақтырғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Кезекші топтың жедел әрекет етуінің нәтижесінде түзеу мекемесінің тәртібін бұзған ер азамат көп ұзамай ұсталды.


Айта кетейік, қолға түсіру барысында күдікті тұлға қарсылық көрсетіп, қашып кетуге тырысқан. Ол өзінің көзәйнегін сындырып, мойын тұсына жарақат салуға және әйнек сынықтарын жұтып қоюға оқталады.

Алайда бұл ойы жүзеге аспай, күдікті құзырлы орган қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған