Солтүстік Қазақстан облысында ислам мәдениетінің мұражайы ашылды

Сурет: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
СҚО-да Президенттің тапсырмасы бойынша 19-ғасырда салынған көне мешітті қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп,Рамазан айында ислам мәдениетінің мұражайы ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Бұл - өңір мұсылмандары үшін айтулы оқиға. Ашылу рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, СҚО әкімі Айдарбек Сапаров пен қоғам өкілдері қатысты. 

Сурет: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

 Киров зауытының аумағындағы діни ғимарат жартылай бұзылған, бірақ мұнарасы сақталған болды. Бюджеттен қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Реставрация кезінде мешіттің бастапқы келбетін сақтауға баса мән берілді.  

Сурет: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Бұл тарихымызға тағзым жасап, рухани құндылықтарды дәріптеудің жарқын белгісі.  Рухани орда дәстүрлі ислам тарихы мен мәдениетін насихаттауға елеулі үлес қосатын болады", - деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сурет: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұражайда келушілер  исламның тарихы мен  мәдениеті туралы ақпарат алып, қолжазбалар, бұйымдар және Құран кітаптарымен таныса алады.

Сурет: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі