Жаңаөзендегі жарылыс: тұрғындар өз болжамын айтты

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
"Ауыз су құбырын ауыстырып жатқанда газ құбырын зақымдап алған". Жаңаөзендегі жарылыс болған үйдің тұрғындары апатқа қатысты осындай болжам айтып отыр. Осыдан екі-үш күн бұрын мердігер мекеме үй маңындағы ауыз су құбырын ауыстырыпты. Сол кезде жер астында жатқан газ құбыры тесіліп қалған.
"Бір ай бұрын екінші шағынауданның айналасында, Сапаровскийдің артында су құбырын жүргізген. Сол уақытта қазған кезде осы 251-дің артында жарылыс болған, үйдің артында ГРП газ таратушы бар. Соған жолдың арғы бетінен келіп тұрған құбыр бар,150 миллиметр. Соның үстіне бұлар құбырды алды да, тастап, көміп тастады. Содан бастап, көміп тастаған соң иіс пайда болды". Жаңаөзен тұрғыны Нұрлан Исатаев

КТК телеарнасының хабарлауынша, тұрғындар қазір туыстарын жағалап жүр. Олар жергілікті биліктен тезірек жаңа қоныс тауып беруін сұрап отыр.

"Үйімізде тұру мүмкін емес. Қабырғасы құлап, қақырап түсіп жатыр. Едені айырылып жатыр. Жертөлеге түсіп кетті. Ендігі мәселеміз - біздің үйімізді шешсе, тұруға жарайтындай, уәдесінде тұрып үйін алып берсе. Сосын ауыр жағдайда жатқандарға барынша көмектессе". Жаңаөзен тұрғыны Дидар Ботабаева

Жергілікті әкімдік "баспанасыз қалған тұрғындарды далаға тастамаймыз" дейді. 

"Бүгінде "Қазмұнайгаз" өкілдерімен Жаңаөзенде бәріне бірдей екі-үш бөлмелі үйлер қаралды. Тұрғындардың келісіміне қарай, сол үйлердің қараймыз". Жаңаөзен әкімінің орынбасары Жансейіт Қайнарбаев

Шенеуніктер жарылыстан зардап шеккен тоғыз отбасына үй алып береміз деп уәде берді. Тіпті бейсенбі күні жаңа пәтердің кілтін табыстамақшы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев