Павлодар облысында әкімдік ауылдың жайылымдық жерін кәсіпкерге заңсыз берген

Сурет: astanatv
Павлодар облысында әкімдік ауылдың жайылымдық жерін кәсіпкерге заңсыз берген. Бұл туралы облыстық сот шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


"2018 жылы 3 жер учаскесі заңсыз берілгендігі анықталды. Өйткені 3 жер учаскесі ауылдық жердің елді мекені болып саналатын. Сот шешімі күшіне енген жағдайда халық осы жерді пайдаланылуға құқылы". Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы Марат Шәмшиденов

Дегенмен де тұрғындар жайылымдық жердің халық игілігіне толық қайтарылмағанын айтады. Сүт фермасы салынып жатқан аумақта заңсыз деп отыр. Бүгін 2 ауылдың халқы облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне келіп, тағы шағым түсірді.

"Сотпен қайтарылған 2 учаске жетпейді ол бізге мал бағуға. Енді жылқы бар, қой бар, мал әжептәуір бар ауылда. Қаракөлде де бар, Камзина да, бізде бар, міне. Сүт фермасына берілген жерді тексеру керек. Тексерілсін енді".Ребровка ауылының тұрғыны Кебек Рахымханов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін