Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет мешіті қайта ашылды

Сурет: sputnik8.com
Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет мешітін қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары 5 жыл жүргізілді. Жабық тұрған мешіт есігін айқара ашты.

Қалпына келтіру жұмыстары кезінде электрмен қамтамасыз ету жүйесі толығымен ауыстырылды.

Тастары тазаланды. Әйнектері өңделді. Сондай-ақ ғимараттың сейсмикалық төзімділігі де тексеруден өткен.  

Көгілдір мешіт немесе Сұлтанахмет мешіті – Стамбулдағы ірі және көрікті мешіттердің бірі.

Мешітте 6 мұнара бар. Төртеуі бірқалыпты, ал алдыңғы екеуі биігірек. Ислам және әлем архитектурасындағы ұлы туындылардың бірі болып саналады. Ол Мәрмәр теңізінің жағалауындағы, көне тарихымен танымал Сұлтанахмет ауданында, Аль-Софья мешітіне қарсы орналасқан. Мешіт қала нысандарының біріне кіреді. Мешіт ЮНЕСКО-ның мұралар қорына енгізілген. Ол № 356 нысан болып тіркелген. 

Ол 1616 жылы ашылған. Сұлтан Ахмет бұл мешітті Алланың ризашылығы үшін салуға бұйрық берген. Мешіт құрылысы 1609 жылы басталған. Көк мешіттің сәулетшісі - Седефкар Мехмет Ага. Ол Синан атты сәулетшінің шәкірті әрі бас көмекшісі болған. Мешіттің ғажап элементтерінің бірі - михраб. Михраб - мінәжат ететін қуыс. Ол мәрмәрдан соғылған. Михрабқа Меккеден әкелінген қара тас қойылған.         

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты