Акцияның 8 тәулігінде Түркістан облысының тәртіп сақшыларына 36 тұрғын келіп, өз еріктерімен 49 дана отты атыс қару тапсырған.
Оның ішінде 43-і тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, алтауы ойық кіші калибрлі мылтық пен 700-ден астам түрлі оқтар. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Қазіргі уақытта мылтықтар сараптамаға жіберілді, нәтижесінде азаматқа ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.
"Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды. Бүгінгі таңда өз еріктерімен қаруларын полицейлерге тапсыратындар саны артып келеді. Сондай-ақ тұрғындарға ескертеміз, қаруды заңсыз сақтағаны үшін кез-келген азамат заң аясында жауапкершілікке тартылады. Сондықтан қару сақтаудың, оны пайдаланудың жауапкершілігін сезініп, өз еріктеріңізбен тапсырсаңыздар жауапкершілікке тартылмайсыздар".Түркістан облысы полиция департаментін әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков