WhatsApp-та екі апта интернет болмайтыны туралы ақпарат тарап жатыр

Сурет: pixabay
WhatsApp мессенджерінде "26 сәуір мен 10 мамыр аралығында Қазақстанда интернет болмайды" деген хабарлама тарап жатыр. Мұндай мәлімет Павлодар облысында ақпараттық бюллетень түрінде пайда болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараған ақпаратты облыстық Цифрландыру департаменті жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша барлық байланыс операторының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сіздерді ресми дереккөзден алынған ақпаратқа сеніп, фейк таратпауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

StopFake.kz сайты да хабарламаға сенудің қажеті жоқ екенін айтты. Қазақстанда 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында интернетті өшіру жоспарланбаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды