Қазақстанның қай өңірінде өмір сүру ұзақтығы жоғары

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстан бойынша Алматы тұрғындары ең ұзақ өмір сүреді. Яғни, ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматы қаласында – 77,3 жас, ең төменгі – Ұлытау облысында – 71,4 жас, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистика бойынша, 2022 жылы туған кездегі халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 74,4 жас болды, осылайша көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 4,2 жасқа өсті. 

Гендерлік тұрғыдан алғанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жасқа жетті, 2021 жыл 74 жас болған. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жасқа дейін өсті, бұған дейін соңғы 5 жылда ол 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген болатын.

Айта кетейік, туған кезде халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы – бұл ұрпақтың бүкіл өмірінде әр жас тобындағы өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші есептік жылдағыдай деңгейде өзгеріссіз қалатын жағдайда осы ұрпақтан туған бір адамның өмір сүретін жасы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі