"Тастап кетті". A.Z алғаш рет Ерке Есмахан туралы айтты

Ninety one тобының экс-мүшесі, A.Z лақапатымен белгілі әнші Азамат Зенкаев журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Ерке Есмаханмен қалай танысқанын, оның әнші Райммен қарым-қатынасын қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат Зенкаев Ерке Есмаханмен алғаш рет ән жазу мақсатында кездескен.

"Ол маған жазды, менің өлең жазып бергенімді қалады. Сол мәселемен кездескен болатынбыз. Өзі сондай қыз ғой, әзілдеп қалған. Сөйтіп әңгімеміз жарасып кетті. Аузымыз жабылмай сөйлесіп, сөйтіп ақыры баурап алды ғой", - деп жауап берді әнші.

Ол сол кезде Ерке Есмаханға ғашық болғанын, алайда қазір күмәні бар екенін айтты.

"Ғашық болдым, жүрдім, 12 айдан асқан сияқты, санамайды екенмін. Анаммен таныстырдым, біледі ғой бәрі. Анам жақсы қабылдады. Сол кезде махаббат жалғасады деген үміт болды. Ол мені тастап кетті дей салайықшы", - деді ол.

А.Z Райм мен Еркенің қосылғанын жақсы қабылдаған және махаббатарының баянды болғанын қалайды.

"Бақытты болсын, жақсы болсын, бәрі күшті болсын деп қабылдадым. Өте күшті қабылдадым. Жо-жоқ, қайдағы депрессия? Ол нәрсені ойлап, мұңға батуға уақыт жоқ. Басқа қырлары жетіп жатыр ғой. Маған хабарласып, "Қалайсың?" деп жатқандар бар. "Қойыңдаршы, не айтып жатырсыңдар?" дедім. Өмірде қосылу болады, ажырасу болады. Әр адам өзінің өмірін сүреді, әр адам өзі біледі. Бәрі жақсы болса болды ғой. Бақытты болса болды. Бір-бірін тауып жатса, қуанамын. Неге қуанбасқа?! Махаббаттарының баянды болғанын қалаймын. Мәңгі бақи. Осыдан айырылысып кетіп көрсін", - деді ол.

Ол бағдарламаның соңында сұхбатта мүлдем өтірік сөйлемегенін айтты.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: