Қазақстан халқының өмір сүру ұзақтығы тарихта алғаш рет 74 жасқа жетті

Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан тарихында алғаш рет халықтың өмір сүру ұзақтығының деңгейі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 74,44 жасқа жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жалпы өлім-жітім көрсеткіші 29% төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 6,77 болды. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 32,7%, қатерлі ісіктен - 7,9%, жарақаттан - 5,3% төмендеді.

Ана өлімі 2021 жылмен салыстырғанда 3 есеге төмендеп, дүниеге келген 100 мыңның 17,0-іне тең болды. Сәбилер өлімі 4,6% төмендеп, дүниеге келген 1000-нан 7,97 құрады.

"Халық денсаулығы көрсеткіштеріндегі оң өзгерістер өмір сүру ұзақтығының өсуіне әсер етті және тарихи маңызға – 4,44 жасқа қол жеткізудің кепілі болды. Ол пандемияға дейінгі ӨЖС деңгейінен 1,26 жасқа асып түсті. 2019 жылы көрсеткіш 73,18 жас болған еді", - делінген министрлік хабарламасында.

Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік әл-ауқат, оның ішінде денсаулық сақтаудың дамуы, сонымен қатар халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді.



Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды