Алматы полициясы есірткі зертханасын жойды

Сурет: polisia.kz
Алматы полициясы прокуратураның “Есірткі бизнесімен күрес” жобасы аясында есірткі зертханасын жойды. Есірткі зертханасын 27 жастағы О.есімді азамат иемденіп, жүргізіп отырған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Күдікті біздің назарымызға біраз уақыт бұрын ілікті. Ол синтетикалық есірткіні белсенді қолданушы ғана емес, оның тұрақты таратушысы екені де белгілі болды. Мақсатты жедел және арнайы шаралар күдіктінің қылмыстық әрекетінің басқа бағытын анықтауға мүмкіндік берді. Ол "синтетика" өндіруші болып шықты. Ер адам өндірісті Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы үйлердің бірінде ұйымдастырған. Бір сөзбен айтқанда, әмбебап есірткі сатушыны әшкереледік". Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов


Ұсталған адамның айтуынша, ол өндіріске қажетті шикізатты "жұмыс берушіден" Алматы облысы Қарасай ауданында жасырылған жасырын орындар – бетбелгілер түрінде алған.

"О.есімді азамат дайын өнімді дозалар бойынша бөліп, қаланың Түрксіб, Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандарында сатқан. Ұсталған адамның жалға алған тұрғын үйінде тінту жүргізілді: есірткі зертханасының дәстүрлі жиынтығы табылды. Шөп пен шикізат сот-химиялық сараптамаға жіберіледі. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді". Ерлан Әлмағамбетов

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды