Алдағы үш күнде елімізде ауа райы құбылмалы болады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстандағы 2023 жылғы 2-4 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, кең ауқымды солтүстік антициклон еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарының ауа райына әсер ететіндіктен, бұл өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады, түнде үсік жүреді.

"Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс облыстарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы болжанады – жауын-шашын түсіп, батыста – жаңбыр, кей кезде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Шығыста – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады"."Қазгидромет" РМК

Елімізде жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз