Индустрия министрі "7-20-25" ипотекалық бағдарламасын қолдайтынын айтты

Сурет: freepik
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев "7-20-25" ипотекалық бағдарламасын жалғастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 мамыр күні Мәжіліс кулуарында Марат Қарабаев "7-20-25" бағдарламасы жөнінде пікірін білдірді.

"Бағдарламаны жалғастыру керек деп ойлаймын. Мен айтқан 600 миллиард халықтан түскен өтінім санынан құралған. Бірақ Ұлттық банк жыл сайын 100 миллиард бөлуді ұйғарды. Бір бағдарлама аясында ештеңе қалмайды, сонымен қатар "Бақытты отбасы", "Шаңырақ", "7-20-25", "Жалға алу" бағдарламаларын білесіздер.Иә, бұл бағдарламаны жалғастыру керек деп ойлаймын". Марат Қарабаев

Сонымен қатар, оның ойынша, бағдарламаға 100 миллиард жетпейді.

"Жоқ, бұл аздық етеді деп ойлаймын. 600 миллиардқа қазір халықтан сұраныс түсіп жатыр. Бюджеттің мүмкіндігі шексіз емес, ақша бюджеттің мүмкіндігіне қарай бөлінуде". Марат Қарабаев

Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана сатып алғандардың санын жариялаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі