"Балғамен ұрған". Абай облысында зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Абай облысында зейнеткерді балғамен ұрып, оның 3 мың теңгесі мен зергерлік бұйымдарын тартып алған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз айының соңында Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 74 жастағы тұрғыны қаланың сол жағалауында оны тонап кеткені туралы арызданды. Дереу оқиға орнына жедел тергеу тобы жеткен.

Ер адам жәбірленушінің басын балғамен ұрып жіберіп, оның үш мың теңге көлеміндегі ақшасын, алтын сырғасы мен телефонын тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні  қолға түсірді. Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты.

Ол жауап алу барысында өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды