Қарағандыда апатқа себеп болған автобус жүргізушісіне қатысты сот басталды

Сурет: әлеуметтік желі
Қарағандыда көпірдің үстінде жол апатын жасаған автобус жүргізушісіне қатысты сот басталды. Бірақ алғашқы отырысқа сотталушының өзі келмеді, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Күдікті қозғалыс қауіпсіздігін елемей, жылдамдықты шамадан асырып, жолдың жағдайын ескермей, көлік тізгініне ие болмай Сейфуллин даңғылында жолдың қарсы бағытына шығып кетті. Салдарынан жолаушылар автобусымен бетпе бет соқтығысты". Мемлекеттік айыптаушы Самат Кәкенбаев

Осы апаттан екі адам көз жұмып, 16 жолаушы жарақат алған. Күдіктінің өзі де зардап шегіп, аяғын сындырған екен. Сондықтан 34 жастағы Айдын Оразов сот процесіне үйінен онлайн режимде қатысты.

Жәбірленішілер тергеу кезінде үйқамақта отырған күдіктінің енді сотқа да келмегеніне наразылық білдірді.

Еске салайық, 2022 жылғы 25 қарашада күдікті айдап келе жатқан автобус көпірдің үстінде алдындағы автобусты басып озбақ болған. Салдарынан жолдың қарсы бағытындағы қоғамдық көлікке бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан 19 жастағы студент пен екінші автобустың 60 жастағы жүргізушісі мерт болды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды