Ертең ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады

Сурет: instagram.com/drs_kz/
Ертең Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл чемпионатқа 38 елден спортшылар келген. Олардың арасында Қазақстан құрама командасының өкілдері де бар. Олар барлық салмақ дәрежелерінде бай сынайды. 

Ұлттық құрама өкілдері Азия чемпионатына қаңтар айынан бастап, жаттығу жиындарын жүргізген. Ұлттық құрама бас бапкері Нұржан Смахановтың айтуынша, ауыр атлеттер өздерінің спорттық деңгейлерінде көрінеді. 

Осы құрылықтық додада 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасының алғашқы ұпайлары сарапқа салынады. Құрама сапында тәжірибелі Арли Чонтей, Алексей Чуркин, Асылжан Бектай және Рио Олимпиадасының жүлдегері Карина Горичева секілді спортшылар ел намысын қорғайды. 

Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып жарыс жолына 45 келі салмақ дәрежесінде Айнұр Әбдіхалықова шығады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды