БҚО-да жалған нөмірмен жүрген жүргізуші бір күнде 13 рет жылдамдықты асырған

Сурет: БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында полицейлер жалған нөмірмен жүрген жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 21 жастағы тұрғынның жүргізуші куәлігі болмаған және бір күнде қала орталығында жылдамдықты 13 рет асырып айдап, жол ережелерін бұзған. Айыппұлдардың жалпы сомасы - 310 мың теңге.  
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабы бойынша 21 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. 

Барлық құқық бұзушылық "Призма-Stos" автомат жүйесімен тіркелді. Полиция қызметкерлері "Suncarsmartcity" бейнебақылау жүйесі арқылы жүргізушіні ұстады. Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды. 
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды