Синоптиктер 6 мамырда антициклон Қазақстанға қандай ауа райы әкелетінін айтты

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 6 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, ауқымды антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.

"Республиканың батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстік-батыста тұман түселі", – деді синоптиктер.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2 °С, Ұлытау облысының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде топырақ бетінде -1-3°С үсік жүреді.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында жел күшейіп, екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +24+26°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +17+19°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты