Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді

Сурет: Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы
Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Бұл жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үй кешені екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 5 мамыр күні 19:22 сағатта Атыраудағыы Махамбет Өтемісов көшесінде орналасқан 10 қабатты "Лагуна" тұрғын үй кешенінің шатыр бөлігінде өрт шықты.

"Үйдің жалпы ауданы 1 500 шаршы метр, өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер дереу шақырту орнына жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді". Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы

Сурет: Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы

1 сағаттың ішінде өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. 

Өртті сөндіруге Атырау облысы 50 құтқарушы мен 11 техника жұмылдырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды